WLAN байланыстары туралы
>
Параметр-р
және
Байланыс мүмкіндігі
>
Wi-Fi
тармақтарын таңдаңыз.
Кеңес: Сондай-ақ, байланыстарды күй мәзірінен басқаруға болады.
Хабарландыру аймағынан төмен қарай жүргізіп өтіңіз де,
Wi-Fi
белгішесін
басыңыз. Егер Wi-Fi көрсетілмесе, белгішесін басыңыз.
Байланысу мүмкіндігі 111
Кеңес: WLAN виджетін негізгі экранға қосуға болады. WLAN байланыстарын
жылдам қосу не ажырату үшін виджетті таңдаңыз. WLAN қолданбасын ашу үшін,
виджетті таңдап, ұстап тұрыңыз.
WLAN қолданбасы қол жетімді желілердің тізімін көрсетіп, WLAN желісіне
қосылуға мүмкіндік береді.
Маңызды: WLAN байланысының қауіпсіздігін арттыру үшін, шифрлауды
пайдаланыңыз. Шифрлауды қолдану басқалардың сіздің деректеріңізге қол
жеткізу қаупін азайтады.
Ескерім: Кейбір елдерде WLAN желісін пайдалануға шектеулер қойылуы
мүмкін. Мысалы, Францияда WLAN желісін тек жабық жайларда пайдалануыңызға
рұқсат беріледі. Қосымша ақпарат алу үшін, жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз.