USB көлемді жад құрылғысын жалғау
USB On-The-Go (OTG) адаптерін пайдаланып телефонды үйлесімді USB жад
құралына немесе қатты дискке жалғауға болады. Мысалы, суреттерді USB жад
құралына компьютерге жалғанбастан сақтауға болады.
Жад құралын жалғау
1 USB OTG адаптерінің (бөлек сатылады) micro-USB жағын телефонның micro-
USB ұясына жалғаңыз.
2 Жад құралын USB OTG адаптеріне жалғаңыз.
Файлдар қолданбасы ашылады, ал жад құралы көлемді жад ретінде көрсетіледі.
Байланысу мүмкіндігі 117
Файлды көшіру
Файлдар ішінен көшірілетін файлды таңдап, ұстап тұрыңыз да, қалқымалы
мәзірден қажетті опция мен мақсатты қалтаны таңдаңыз.
Телефон қамтамасыз ете алмайтын қуатты қажет ететін қатты диск жалғанса,
қателік хабары көрсетіледі. Қатты дискіге сыртқы қуат көзін жалғау керек болады.