Орналасқан жерді анықтау әдістерін ажырату
Басқарылатын GPS (A-GPS), WLAN және желі (ұя идентификаторы) арқылы
орналасқан жерді анықтау әдістері телефонға орныңызды жылдам және дәл
табуға мүмкіндік береді. Деректер шығынын, әсіресе шетелде, азайту үшін,
қызметтердің біреуін немесе бірнешеуін ажыратуға болады.
>
Параметр-р
белгішесін басыңыз.
Қолданба парамет-рі
>
Ор. анық-у
>
Орн. жерді анықт. әдістері
опциясын және
ажыратылатын орналасқан жерді анықтау әдісін таңдаңыз.
Assisted GPS (A-GPS) желісінің қызметі ұялы желі арқылы орналасқан жер
мәліметтерін алып, GPS функциясына ағымдағы орналасқан жеріңізді есептеп
шығаруға көмектеседі.
Телефон қызмет провайдерінің арнайы A-GPS параметрлерін қолдану мүмкін
болмағанда Nokia A-GPS қызметін пайдалана алатын етіп алдын ала реттелген.
Көмекші деректер Nokia A-GPS қызметтік серверінен тек қажет болғанда ғана
шығарып алынады.
Көмекші деректерді шығарып алу үшін, телефонда алдын ала орнатылған
мобильді деректерге интернет арқылы кіру нүктесі болу керек.
Карталар
91