Орналасқан жерді анықтау әдістері туралы ақпарат
Карталар GPS, A-GPS, WLAN немесе желі (ұя идентификаторы) негізіндегі
орналасқан жерді анықтау әдістерін пайдаланып орныңызды көрсетеді.
Орналасқан жерді анықтаудың дүниежүзілік жүйесі (GPS) – орныңызды есептеу
үшін пайдаланылатын жерсеріктік навигация жүйесі. Басқарылатын GPS (A-GPS) -
орналасқан жердің жылдамдығын және дәлдігін жақсартып GPS ресиверіне
қолдау көрсететін желі қызметі. Бұған қоса, орналасқан жерді анықтау мүмкіндігін
жақсарту және жылдамдығын арттыру үшін басқа да GPS артықшылықтарын
пайдалануға болады. Бұл ұялы желі арқылы аз көлемде деректердің
тасымалдануын талап етуі мүмкін.
WLAN орналасқан жерді анықтау мүмкіндігі GPS сигналдары болмаған кезде
орналасқан жерді анықтау дәлдігін (әсіресе үй ішінде немесе биік ғимараттар
арасында болған кезде) жақсартады.
Желі (ұя идентификаторы) негізіндегі орналасқан жерді анықтау мүмкіндігімен
орналасқан жер телефон жалғанып тұрған ұялы жүйесі арқылы анықталады.
Деректер шығындарын үнемдеу үшін, телефонның орналасқан жерді анықтау
параметрлерінде A-GPS, WLAN және желі (ұя идентификаторы) негізіндегі
90
Карталар
орналасқан жерді анықтау әдістерін ажыратуға болады, бірақ орналасқан жерді
есептеу ұзағырақ уақыт алуы, мәлімет дәл емес болуы және GPS ресивері
орналасқан жерді жиірек жоғалтуы мүмкін.
GPS сигналдарының бар болуы мен сапасына орналасқан жеріңіз, жерсеріктердің
орны, ғимараттар, табиғи бөгеттер, ауа райы жағдайлары мен АҚШ өкіметі GPS
жерсеріктеріне енгізген өзгерістер әсер етуі мүмкін. GPS сигналдары
ғимараттардың ішінде немесе жер астында қабылданбауы мүмкін.
GPS құрылғысын нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланыбаңыз және
тек GPS құрылғысы мен ұялы желілер берген орналасқан жер туралы ақпаратқа
сенім арта бермеңіз.
Сапар өлшегіші GPS байланысының болуы мен сапасына қарай дәл болмауы
мүмкін.
Ескерім: Кейбір елдерде WLAN желісін пайдалануға шектеулер қойылуы
мүмкін. Мысалы, Францияда WLAN желісін тек жабық жайларда пайдалануыңызға
рұқсат беріледі. Қосымша ақпарат алу үшін, жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз.
Пайдалануға болатын орналасқан жерді анықтау әдістеріне қарай, орналасқан
жерді анықтау дәлдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін өзгеруі мүмкін.