Nokia E7 00 - Ескі телефоннан контактілер мен суреттерді көшіру

background image

Ескі телефоннан контактілер мен суреттерді көшіру
Алдыңғы үйлесімді Nokia телефонындағы маңызды ақпаратты көшіріп, жаңа

телефонды тезірек пайдалану керек пе? Телефонды ауыстыру қолданбасын

пайдаланып контактілерді, күнтізбе жазбаларын, суреттерді және т.б. жаңа

телефонға тегін көшіріңіз.

Алдыңғы Nokia телефоныңыз Bluetooth мүмкіндігін қолдауы керек.

>

Параметр-р

>

Байланыс мүмкіндігі

>

Дерек беру

>

Телефонды ауыстыру

опциясын таңдаңыз да, екі телефоның дисплейінде көрсетілетін нұсқауларды

орындаңыз.

Екінші телефон талап етсе, рұқсат кодын енгізіңіз. Рұқсат коды (оны өзіңіз

белгілей аласыз) екі телефонда да енгізілуі керек. Кейбір телефондарда рұқсат

коды бекітілген болады. Толық ақпаратты телефонның пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз. Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін жарамды

болады.

Пайдалануды бастау

17

background image

Алдыңғы Nokia құрылғыңызда Телефонды ауыстыру қолданбасы болмаса, жаңа

телефон оны Bluetooth арқылы хабар ішінде жібереді. Қолданбаны орнату үшін,

алдыңғы телефонда хабарды ашып, нұсқауларды орындаңыз.