Nokia E7 00 - Пернетақта

background image

Пернетақта
Телефонда толық пернетақта бар. Пернетақтаны ашу үшін сенсорлық экранды

жоғары басыңыз. Пернетақтаны ашқан кезде дисплей автоматты түрде портрет

күйінен альбомдық күйге бұрылады.

1

Функция пернесі. Пернелердің жоғарғы жағында басылатын арнайы

таңбаларды енгізу үшін функционалдық пернені басыңыз, сонан соң тиісті

пернені басыңыз. Бірнеше арнайы таңбаны қатарынан енгізу үшін

функционалдық пернені екі рет басыңыз. Қалыпты режимге оралу үшін

функционалдық пернені басыңыз.

2

Shift пернесі. Жоғары және төмен регистр режимдерінің арасында ауысу

үшін shift пернесін екі рет басыңыз. Төмен регистр режимінде бір жоғары

регистр әрпін енгізу үшін немесе жоғары регистр режимінде бір төмен регистр

8

Пайдалануды бастау

background image

әрпін енгізу үшін shift пернесін басыңыз, кейін қажетті алфавит пернесін

басыңыз.

3 Sym пернесі. Пернетақтада көрінбейтін арнайы таңбаларды енгізу үшін Sym

пернесін басыңыз және қажетті таңбаны таңдаңыз. Жазу тілін өзгерту үшін

shift пернесін басып тұрыңыз, сонан соң Sym пернесін басыңыз және қажетті

тілді таңдаңыз.

4 Бос орын пернесі

5

Артқа қайту пернесі. Таңбаны жою үшін қайту пернесін басыңыз. Бірнеше

таңбаны жою үшін қайту пернесін басып тұрыңыз.

Әріптің басқа нұсқасын енгізу
Мысалы, екпін белгілері бар әріптерді енгізуге болады. á әрпін енгізу үшін Sym

пернесін басып тұрыңыз, сонан соң қажетті әріп көрінгенше A пернесін қайталап

басыңыз. Әріптер реті мен қол жетімділігі таңдалған жазу тіліне байланысты

болады.

Перненің жоғары жағында басылатын санды немесе арнайы таңбаны енгізу
Қажетті пернені басып тұрыңыз.