SIM картасын салу немесе шығарып алу
SIM картасына жапсырмалар жапсырмаңыз.
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
SIM картасын салу
1 Телефонды өшіріп, ішінен SIM карта ұстағышын шығарыңыз.
2 SIM карта ұстағышын аударыңыз.
3 Түйісетін бетті жоғары қаратып, SIM картасын SIM карта ұстағышына салыңыз.
Пайдалануды бастау
11
4 SIM карта ұстағышын аударып, оны телефонға қайта салыңыз.
SIM картасын шығарып алу
1 Телефонды өшіріп, ішінен SIM карта ұстағышын шығарыңыз.
2 SIM карта ұстағышын аударыңыз.
3 SIM картасын шығарып алыңыз.
4 SIM карта ұстағышын аударып, оны телефонға қайта салыңыз.