Nokia E7 00 - Телефонды автоматты түрде құлыптанатын етіп реттеу

background image

Телефонды автоматты түрде құлыптанатын етіп реттеу
Телефонды рұқсатсыз пайдаланудан қорғау керек пе? Қауіпсіздік кодын белгілеп,

телефонды пайдаланбағанда автоматты түрде құлыптанатын етіп реттеңіз.

1

>

Параметр-р

>

Телефон

>

Телефонды басқару

және

Қауіпсіздік парам-

рі

>

Телефон мен SIM картасы

тармағын таңдаңыз.

2

Қауіпсіздік коды

тармағын таңдап, қауіпсіздік кодын енгізіңіз. Ең азы 4 таңба

болуы керек. Сандарды, таңбаларды, бас және кіші әріптерді пайдалануға

болады.
Қауіпсіздік кодын құпия және телефоныңыздан жеке, қауіпсіз жерде

сақтаңыз. Қаіпсіздік кодын ұмытып, құрылғыңыз құлыптанып қалса,

телефонды қызмет көрсету маманына көрсету қажет болады. Сізден қосымша

ақы алынуы және бүкіл жеке деректеріңіз телефоныңыздан жойылуы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care орталығымен немесе телефоныңыз

дилерімен байланысыңыз.

3

Телеф. авт. құлыпт. кезеңі

тармағын таңдап, телефон құлыптанатын уақытты

белгілеңіз.

Телефонды қолмен құлыптау
Бастапқы экранда қуат пернесін басып, ,

Телефонды құлыптау

опциясын

таңдаңыз да, қауіпсіздік кодын енгізіңіз.

Телефонның құлпын ашу
Пернелерді құлыптау қосқышын сырғытып, қауіпсіздік кодын енгізіңіз де,

ОК

опциясын таңдаңыз.
Егер перненің құлыптау қосқышын қолдану мүмкін болмаса, мәзір пернесін басып,

Құлыпты ашу

опциясын таңдаңыз.