Телефонды қашықтан құлыптау
Телефонды жұмыста ұмытып кеттіңіз. Оны рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу
үшін кілттеу керек пе? Алдын ала белгіленген мәтінді хабардың көмегімен
телефонды қашықтан кілттеуге болады.
Қашықтан құлыптау мүмкіндігін қосу
1
>
Параметр-р
>
Телефон
>
Телефонды басқару
және
Қауіпсіздік парам-
рі
>
Телефон мен SIM картасы
>
Қашықт. телеф. құлыптау
>
Қосулы
тармағын таңдаңыз.
2 Мәтінді хабардың мазмұнын енгізіңіз. Ол 5-20 таңбадан тұруы мүмкін, үлкен
және кіші әріптерді пайдалануға болады.
3 Оны тексеру үшін, сол мәтінді қайта енгізіңіз.
4 Құлыптау кодын енгізіңіз.
Кілттеу хабарын жіберу
Телефонды қашықтан кілттеу үшін, алдын ала белгіленген мәтінді хабарды жазып,
телефонға мәтінді хабар ретінде жіберіңіз.
Телефонды құлыптан босату үшін, қауіпсіздік коды қажет.