Nokia E7 00 - Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат

background image

Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы ішке орнатылған, ажыратылмайтын зарядталатын батареямен жабдықталған. Батареяны ажыратуға

тырыспаңыз, құрылғыны зақымдауыңыз мүмкін. Батареяны ауыстыру үшін, құрылғыны жақын жердегі өкілетті қызмет

көрсету орталығына апарыңыз.

Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-10 . Nokia зарядтағышы үлгісінің нақты

нөмірі қосқыш түріне қарай әртүрлі болады, олар E, X, AR, U, A, C, K, B немесе N әріптері бойынша анықталады.

Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту

режимдерінің уақыты қалыпты уақыттан айтарлықтай қысқарғанда, батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ең жақын

орналасқан қызмет көрсету орталығына апарыңыз.